Жарнама
Мәдениет

“LOTUS FEST – 2025” фестивалін 3000-нан астам турист тамашалады

Құрманғазы ауданына қарасты Теңіз ауылында “LOTUS FEST – 2025” мәдени-туристік фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ресми бөлімге Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысып, облыс әкімі Серік Шәпкеновтің құттықтау лебізін оқып берді.

e01f72dc ec74 4531 be89 99931c38289d

Дарын Шамұратов өз сөзінде таңнан бері гүлдеген лотостың сұлулығын көруге 3000-нан астам турист келгенін атап өтті. Олардың қатарында еліміздің батыс өңірлерінен және көршілес Ресей Федерациясынан келген меймандар бар.

22976628 b710 4928 bfc7 a1c81434347b

– Фестивальдің негізгі мақсаты – өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды насихаттау және туризмді дамыту. Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл шараны дәстүрлі түрде жыл сайын өткізу жоспарда бар. Айта кетерлігі, Қазақстанда лотос табиғи жағдайда тек Қиғаш өзенінің сағасында – Құрманғазы ауданы аумағында ғана өседі. Сондықтан бұл фестиваль ел ауқымындағы ерекше әрі бірегей оқиға болып саналады, – деді Д. Шамұратов.

Фестиваль аясында Астрахань облысынан келген Құрманғазы атындағы Өңірлік мәдениет орталығы қонақтарға мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынды. Сондай-ақ жергілікті әртістердің қатысуымен театрландырылған көріністер қойылып, танымал би топтарының өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

c61122dd 8c5d 4f76 a0e6 f41afda60860

Фестиваль қонақтарының облыс орталығына барып-келуін жеңілдету мақсатында арнайы автобустармен тасымал ұйымдастырылды.

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button