Кітапханашылар ұлықталды
24 қазан – Кітапханашылар күні. Әлемдік өркениетке қадам басқан Тәуелсіз Қазақстандағы кітапхана саласының тарихта айтулы орны бар екендігі баршаға мәлім. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылдың 18 қазанындағы №833 қаулысымен 24 қазан «Кітапханашылар күні» кәсіби мереке ретінде бекітілді. Кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өтті.
Алғашқы құттықтау сөзді Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев сөйлеп, айтулы мерекеде кітапханашыларды түрлі деңгейдегі марапаттармен марапаттады.
Сонымен қатар Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов сала мамандарын құттықтап, мамандықтың маңызына тоқталып, басқарма атынан алғыс хаттар табыстады. «Салалық Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бойынша төрайымы Гүлнар Шайхашева бірқатар қызметкерге «Еңбек даңқы» төсбелгісі, «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хат» табыстады.
Отандық кітапхананың өркендеуіне сүбелі үлес қосқан және осы салада көп жылдар адал қызмет атқарған ардагер кітапханашыларға құрмет көрсетіліп, кітапхана атынан естелік сыйлықтар тарту етілді. Салтананатты шара мерекелік сазды бағдарламамен, «Мәртебелі мамандық» атты ток-шоу және «FarizaFIGHT» интеллектуалды сайысы, поэзия сағатымен жалғасын тапты.
Өз тілшіміз