КҮЙШІ АЙГҮЛ – АТЫРАУДА
Киелі күйдің Отаны Атырау өңірінде дүниеге келіп, өнер көгінде еркін самғап жүрген дарынды күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Айгүл Үлкенбаева – көпшіліктің көзайымына айналған үлкен талант иесі. Айгүлдің туған топыраққа келген әр сапарын көрермен ыстық ықыласпен күтеді. Оның он саусағынан төгілген кемелді күй ырғағы тыңдармандарын үнемі қуанышқа бөлейтіні де сондықтан.
Бұл жолы да Айгүл Үлкенбаева туған топыраққа бет бұрып, күйден шашу шашуды ұйғарыпты. Күй өнеріне қайталанбас қолтаңбасымен келген атақты өнерпаздың концертін қазанның 8-9 аралығында Махамбет ауданының Ақжайық, Алға ауылдарында, одан кейін Атырау қаласындағы жоғары, орта оқу орындарында тегін тамашалауға болады.
Өз тілшіміз.