Жарнама
Мәдениет

«Инабаттың» басшысы – жылдың үздік төрайымы

Атыраудағы «Ақ желкен» шығармашылық орталығы жанындағы «Елсана» патриоттық қауымдастығының құрамында бірнеше  клуб жұмыс жасайды. Атауларына сай олардың атқаратын қызметі де әртүрлі.

​Солардың бірі — «Инабат» аналар клубы. Оның құрылғанына биыл бес жыл толды. Жетекшісі Күнсұлу Сұлтанованың бастамасымен мұнда көптеген игілікті істер тындырылып келеді. Жақында  осындағы клубтардың биылғы жыл басынан бері  атқарған қызметтерін саралап, бағалау мақсатында байқау ұйымдастырылды. Қорытындысында жоғарыда аталған «Инабат» клубының басшысы  Күнсұлу Мұхтарқызы  «Үздік төрайым – 2024»  номинациясының жеңімпазы атағын иеленді.

img 0221

   ​«Ақ желкен» шығармашылық орталығының директоры Нұрберген Дәулетов пен «Елсана» руханият қауымдастығының тең төрағасы Майра Жәнекешқызы осынау қысқа ғана мерзімде клубтың жұмысын үздіксіз жүргізіп келе жатқан әріптесіне «Жылдың үздік төрайымы лентасын тақты. Шараға құрметті қонақ ретінде қатысқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов Күнсұлу Мұхтарқызына Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың атындағы медальды тапсырды.  

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button