Жарнама
Мәдениет

ЕУРОПАДА ЕРЕК ТАНЫЛҒАНДАР

Фестивальға Қазақ елінен атыраулық өнерпаздармен қоса, талдықорғандық таланттар да қатысып, ұлттық өнерімізді дәріптеген. Атыраулық бес домбырашы Диляра Әбіханова, Алмат Ғалламов, Әсия Рахатова, сегіз жастағы ең кішісі Расул Кемелов мұғалімдері Райгүл Айсанғалиевамен және Александра Киселева, жетекшісі Ұмсын Истаева, қобыздан Айнас Дүйсенова, мұғалімі Гүлнар Ахметова, Ханшайым Туарбекова, Нұрсәуле Дүйсембаева, мұғалімі Асылзат Мұсақаева дайындаған болатын. Өнерпаздар Құрманғазының күйі «Адай», «Балбырауын», «Боз шолақ», халық күйі «Ел айырылған», А.Жайымовтың «Би күйі», Дәулеткерейдің «Қыз Ақжелең», Д.Нұрпейісованың «Той бастар», қобыздан А.Жұбановтың «Вальс», Е.Үсеновтің «Күзгі әуен» шығармаларын орындаған. Жас өнерпаздардың орындау шеберлігін ескерген шетелдік ұйымдастырушылар жаз айында өтетін «Еуропа еліне саяхат» фестиваліне қатысуға жолдама берді.
Тоқсаныншы жылдардан бері аталған оқу ордасында басшылық қызмет атқарып келетін ҚР білім беру ісінің үздігі Ерсайын Құлғалиев еліміз егемендік алған тұстан бері қазақ өнері үнемі шетелдерде жиі насихатталып жүргендігін айтады.
Бұл – қазақ өнерінің мәртебесін биіктете түседі. Әсіресе, әлем халқы қобызды, домбыраны жақсы қарсы алады. Осындай фестивальдарға біздің мектеп жыл сайын қатысып келеді. Әр барған сайын еліміздің ұлттық өнерін, дәстүрін насихаттап жүрміз. Балалардың да тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік туды. Ендігі кезекте ұлттық аспаптарымызбен қатар, ұлттық бұйымдарды апаруды жоспарлап отырмыз, — дейді мектеп директоры Ерсайын Қуанұлы.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛ.
Сурет Ерлан АЛТЫБАЕВТІКІ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button