Жарнама
Мәдениет

«Еркіндік» — жастар театрының жаңа қойылымы

    Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай    «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» жобасы аясында Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен  «Жастар» театры «Еркіндік» атты қойылымды сахналады.

     Қойылымда Тәуелсіздік құрдастарының өмір салты, өзара әңгімесі, жаңаша көзқарасы сипатталады. Қуаныш есімді кейіпкер 30 жас туған күніне достарын шақырады. Туған күн кешін ерекше өткізгісі келген ол бөлме ішін ерекше етіп безендіруден бастайды. Күйсандық пен сағат, кітап, газеттерді қояды. Достары үйдегі атмосфераны, ерекше безендіруді көріп басында таңғалады. Кейін, әрқайсысы өз пікірлерін айтады. Достары туған күн иесіне сыйлыққа Елтаңба сыйлайды.

Достарынан мұндай сыйлықты күтпеген Қуаныш та еріксіз шабыттана түсіп, «Атқан таңымыз Әнұранмен басталып, көк байрағымыздың көлеңкесінде күліп оянып жатырмыз. Туған күнімнің осы тариxи сәтпен байланысты болғанын мақтанышпен айтамын», деп сыйлықты қуана қабылдайды. Жаңашыл жастар пікірі, би, әзіл-қалжың бәрі қойылымда үйлесім тауып тұрды. Бір қуанарлығы, Құрманғазы мәдениет үйінде өткен қойылымды көруе келген жастардың қарасы көп болды.

whatsapp image 2021 11 03 at 19.08.33 1

Мұханғали Томанов, қойылымның режиссері:  

Жастарға сахна тілі арқылы қазіргі бейбіт өмір, еркіндігіміз бен егемендігіміз, тәу етер тәуелсіздігіміз – бабалар аманаты екенін жеткізуге тырыстық. Қазір онсыз да жастарды тәрбиелеп жатқан инстаграм, тик-ток сынды трендке айналған әлеуметтік желілердің арасында аз да болса, рухани әңгіме туралы ой қозғағымыз келді.

Жан-Ерке Халиуллина

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button