Бұраң бел бишілер өнер көрсетті 

769baaa0 760f 432f 8a07 c3e1145a3e21 Мәдениет

Облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының ұйымдастыруымен би ұжымдары арасында «Бұраң бел» облыстық фестивалі өтті. 

Жергілікті бишілердің тәжірибе алмасуына арналған шараға  қала, аудандық мәдениет бөлімдеріне қарасты 21 би ұжымы қатысты. Ал, басты талаптың бірі – би ұжымының мүшелері 14-16 жас аралығында болу.

Балғын бишілер қазақ биінің сұлулығын және өзге ұлттар би өнерінің әсемділігімен ұштастырған би ырғағын көрерменге паш етті. Өнерпаздар өнерсүйер қауымды орындау шеберліктерімен де, киген костюмдерімен де таңқалдырып, тамаша көңіл-күй сыйлады.

– Біздің мақсат  – қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, жас таланттарды анықтау, би өнерін қолдау. Бұл шара бишілердің шеберлігін тағы бір мәрте шыңдай түседі деп сенім білдіреміз, – деген облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының басшысы Жәнібек Аманиязов би ұжымдарына арнайы диплом мен қаржылай сыйақы табыстады.

a8099ee7 a7dd 4a29 a951 805a57330505

Сондай-ақ, шара аясында би ұжымдарының жетекшілеріне арналған «Бидің негізі және қолданылуы» тақырыбында шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.


345c3f18 5fc1 4923 9b39 8c062384398e

ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қызылорда облыстық филармониясының бас балетмейстері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, педагогика және дәстүрлі өнер институтының академиялық доценті Гүлбану Мырзабаева  «Қазақ биінің стилизациясы. Авторлық қойылымдардан практикалық көрсетілімі» бойынша білімімен бөліссе, ал Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы Алмат Шамшиев  «Қазақ биінің орындалу әдісі мен теориясы» туралы дәріс оқыды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз