БОЙЖЕТКЕН СӘНІ – СӘУКЕЛЕ

Халқымыздың бірте-бірте ұмытылып бара жатқан өнерінің бірі - қолөнер. Осынау мәдени мұраны жаңғырту мақсатында «Ұлт бірлігі – жастарда» жастар қоғамдық бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен отбасылық үлгідегі «Шаңырақ» балалар үйінде шеберлік сабағын өткізді. 

Жергілікті дизайнер Әсел Дөкенова қазақ қолөнері туралы терең түсіндіріп, қазақ қыздарының ежелгі бас киімі – сәукеле, оның пішілуі мен тігілуі жайында кең мағлұмат берді. Әселдің дайындаған сәукелесіне қызыққан оқушы қыздардың өздері осы мезетте тағы бір сәукеле жасап шығарды. Көрерге көз керек, қос сәукеле «Шаңырақ» балалар үйінің көрме залында сақталатын болды.
Балалар үйі тәрбиеленушілерінің ақжарма алғысын олардың директоры Гүлсара Ботатаева жеткізді. Ал, дизайнер Әсел Дөкенова мен «Ұлт бірлігі – жастарда» бірлестігінің үйлестірушісі Мөлдір Қайбалдиева оқушы қыздардың қолөнерге, соның ішінде сәукеле жасауға деген қызығушылығын жоғары бағалады.

Лиза СЕЙТІМОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз