Жарнама
Мәдениет

Барлық мектеп-колледждерде бір мезгілде қазақ күйлері орындалады

17 наурыз күні барлық білім ұйымында елорда уақытымен сағат 12:00-де «Наурыз мейрамы» ұлттық челленджі өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директоры Аман Сейтов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент басшысының айтуынша, шара білім алушыларды ұлттық рух пен отансүйгіштікке тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтап, балалар арасында ұлттық музыкалық аспапты насихаттауға бағытталған.

«Домбырашылар челленджі-балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны дәріптеу. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Мұндай челлендж оқушылар арасында алғаш рет өткізіліп отыр. Осы жұма күні еліміздің барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта домбыраның қоңыр үні күмбірлейтін болады. Бұл республиканың мәдени өміріндегі ерекше оқиға»,— дейді Аман Сейтов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button