БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ
Қазақтың көрнекті ақынының айтуынша, Кеңестер одағы 1926 жылы Наурыз мерекесін мемлекеттік деңгейде атап өтуге, тойлауға тыйым салды.
— 1988 жылдың басында, мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Г.Колбинге арнайы хат жолдап, Наурыз мерекесін қайта тірілтуді өтіндім. Менің хатым Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бюросында қаралыпты, — дейді М.Шаханов.
Дегенмен, алқалы жиынға қатынасқандардың дені бастаманы қолдай қоймаған. Ұрымтал сәтте сол кездегі Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы Нұр-сұлтан Назарбаевтың сөзі ғана көпшілікті сабасына түсіріпті. Болашақ Мемлекет басшысын Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің идеологиялық хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков қолдап дауыс берген көрінеді.
Күн тәртібіне қайтара шығарылған мәселе кейін шешімін тапқан. Алайда, Наурыз мерекесін кең көлемде тойлауға мемлекеттен қаржы қарала қоймапты. Осы тұста да Нұрсұлтан Әбішұлының алғырлығы мен табандылығы анық байқалған.
Азамат БАЗАРБАЕВ.
Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар.