«БҮРКІТ ТӨБЕДЕГІ» БӘЙГЕ

Құлсары қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған айтулы шаралар жаңадан ашылып, жасақталған Ұлы Отан соғысынан оралмағандарға арналған «Мәңгілік алау» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. 500 мыңнан астам жылыойлықтар Кеңес Армиясы қатарында ел қорғауға аттанып, зұлым жаумен ерлікпен шайқасты, олардың үш жүз мыңнан астамы майдан даласынан оралмады.

 

Махамбет даңғылы бойындағы орталық алаңда майдангерлердің қатысуымен салтанатты митингі өтті.

«Бүркіт төбе» бәйге алаңындағы ат бәйгесі, әсіресе, жылыойлықтардың назарын ерекше аударып, олар аламан бәйгені ынта-ықыласпен тамашалады.Мұнда Жеңіс мерекесіне арналған қазақша күрес, кір тасын көтеру, тағы басқа ұлттық спорт түрлерінен сайыстар жастар арасында қызу бәсеке туғызды.

Бұл күні, сондай-ақ, ратушаға ту тіккен Ұлы Отан соғысының ардагері Рахметолла Қараманов атындағы кіші аяқ добынан облыстық ашық турнир салтанатты түрде ашылып, дәстүрлі бәсеке спортшылар арасында тартысты сипат алды.

Қаржау ОРАЗБАЕВ,

Жылыой ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз