Жарнама
Мәдениет

«БҮРКІТ ТӨБЕДЕГІ» БӘЙГЕ

 

Махамбет даңғылы бойындағы орталық алаңда майдангерлердің қатысуымен салтанатты митингі өтті.

«Бүркіт төбе» бәйге алаңындағы ат бәйгесі, әсіресе, жылыойлықтардың назарын ерекше аударып, олар аламан бәйгені ынта-ықыласпен тамашалады.Мұнда Жеңіс мерекесіне арналған қазақша күрес, кір тасын көтеру, тағы басқа ұлттық спорт түрлерінен сайыстар жастар арасында қызу бәсеке туғызды.

Бұл күні, сондай-ақ, ратушаға ту тіккен Ұлы Отан соғысының ардагері Рахметолла Қараманов атындағы кіші аяқ добынан облыстық ашық турнир салтанатты түрде ашылып, дәстүрлі бәсеке спортшылар арасында тартысты сипат алды.

Қаржау ОРАЗБАЕВ,

Жылыой ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button