Атыраулық шебер әлемді таңқалдырды (+ФОТО)

220502020725062e Мәдениет

Атыраулық шебер Илона Ким шайырдан түрлі бұйым жасайды.

Қолөнерге аңсары ауып, кәдімгі шайырды кәдеге асырған Илона Ким екі мамандықты меңгерген. Бірі – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, екіншісі – туризм менеджері. Шетелдік компанияда 12 жыл жұмыс істеген.

«Атырауда өмірге келдім. Бала кезімнен қолөнер бұйымдарына қызығушылығым оянды. Сол себептен, шетелдік компаниядағы тәуір жұмысымды тастап, бастапқыда сурет салып жүрдім. Кейін шайырды «илеп», түрлі бұйымдар, ойыншықтар жасауды қолға алдым. Өйткені, өзгенің жасаған нәрсесін қайталағым келмеді. Шикізат ретінде Ресейде шығарылған сұйық эпоксидті шайырды пайдаланамын. Оның 1 литрі 14 мың теңге тұрады», -дейді Илона Ким.

Қазір шайырдан үйде пайдаланатын сəндік бұйымдар, сувенирлер, сағат пен картиналар жасайды. Тіпті тәтті конфеттер салуға арналған ыдысты да жасап шығарған. Ал, жаңа жыл қарсаңында шыршаға ілетін түрлі ойыншықтар дайындады.

«Алдымен шайырды 10 минуттай араластырамын. Шайыр 20-30 минутта қатып қалады. Сол себептен, ойға алған бұйымды тез жасау керек. Ал, қатқан шайырды қайта балқыту мүмкін емес. Бір бұйым үш күнде дайын болады», -дейді шайыр «илейтін» шебер.

Оған Нұр-Сұлтан мен Алматыдан, Көкшетау мен Қостанайдан тапсырыстар түскен. Мәселен, Көкшетау қаласынан үш аптада 70 ойыншықты жасауға тапсырыс болған. Бұл тапсырысты келісілген мерзімде дайындап берген.

inform.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз