АТЫРАУДЫҢ ҚАРА НАРЫМЕН ҚОШТАСТЫ… (+фото)

img 20220823 wa0047 Мәдениет

«Құрмет» орденінің иегері, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері Берік Жәменовпен қоштасу рәсімі Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театрында өтті.

Бұл туралы АTPress.kz хабарлады. Халық көп жиналған қаралы митингте Қазақ КСР халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған өнер қайраткерлері көңіл айтты. «Қазақ өнері ауыр қайғыда. Сұм ажал ортамыздан бүкіл өмірін өнерге арнаған адамды алып кетті. Жүрек тазалығымен, шебер ұйыдастырушылығымен дараланған Берік Қилекешұлының есімі театр тарихында мәңгі қалады» деп атап өтті өнер қайраткері Асанәлі Әшімов. Қоштасу рәсімінде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменовтің, қоғам қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаевтың көңіл айту хаттары оқылды.

Өмірінің соңғы күндеріне дейін Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театрына басшылық еткен Берік Жаменов Қазақстан Театрлары Ассоциациясының театр өнеріндегі ұйымдастырушылық жетістіктері үшін «Сахнагер-2018» ұлттық театр сыйлығының «Ең үздік менеджер» номинациясымен марапатталған болатын. Берік Жаменов басшылық еткен тұста қазақ өнерінің қарашаңырағы – Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры «академиялық театр» атағын иеленді. Театр әртістері қазақ және әлемдік классиктердің туындыларымен шет мемлекеттерде, ТМД елдерінің сахналарында өнер көрсетті, 58 жасында жүрек талмасынан өмірден өткен Берік Жәменовтің артында отбасы, ұрпағы, ізгі істері қалды.

Берік Жәменов 1964 жылы туылған. Гурьев облыстық музыкалық училищесінің Қазақ ұлттық аспаптар бөлімінің домбыра сыныбын, кейін Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетін бітірген. 1989-1992 жылдары Атырау облыстық филармонияның ансамбль жетекшісі және ұйымдастырушысы болды. Әр жылдары Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармония директорының орынбасары, Дина Нұрпейісова атындағы Мұнайшылар мәдениет сарайының директоры қызметін атқарды. Ғұмырының соңына дейін Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театрына басшылық етті.

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

img 20220823 wa0061
img 20220823 wa0049
img 20220823 wa0056
img 20220823 wa0051
img 20220823 wa0055
img 20220823 wa0047
img 20220823 wa0044
img 20220823 wa0042
img 20220823 wa0040
img 20220823 wa0037
img 20220823 wa0036
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз