Жарнама
МәдениетҚоғам

Атырауда «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды

«Мұқтаж адамдарға, отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету, туған өлкенің өркендеуіне үлес қосу арқылы, ізгілікті насихаттап жүрген үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері марапатталды» деп хабарлайды atr.kz Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Жомарт жүрек» сыйлығының мақсаты — азаматтық белсенділікті дамыту, халықтың қайырымдылық мәдениетін арттыру болып табылады. Осы тұрғыда Атыраудың өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің атынан үлкен ризашылығымды білдіремін»,- деді ​ аймақ басшысының орынбасары Нариман Таушов.

Үшінші сектор өкілдері 5 номинация бойынша марапатталды.

«АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Владимир Розметов — ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны ​ және белсенді меценаттық қызметі үшін «Жыл меценаты» номинациясына ие болды.
Белсенді азаматтық ұстанымы, түрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық істері үшін «Жыл тұлғасы» номинациясымен «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының жетекшісі Әйгерім Досқалиева марапатталды. «Туған өлке» номинациясы елді мекендерді абаттандыруға, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырғаны үшін «Атамекен Эко» қоғамдық қорының директоры Арман Хайруллинге табысталды.

whatsapp image 2021 09 29 at 18.40.45 2

Ал, маңызды жобалар мен қайырымдылық бағдарламасын тиімді іске асырғаны үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы «Эко-Техникс» ЖШС директоры Михаил Титовқа берілді. Сонымен қатар, туған өлкесінде әлеуметтік маңызы бар елеулі өзгерістер мен қайта құруларға әкелген кешенді қайырымдылық қызметі үшін «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясын «Жайық Бетон Констракшн» ЖШС, «Bastau Construction» ЖШС,​ «Каспий-Экспо» ЖШС директоры Ибрагим Алипов алды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button