Жарнама
МәдениетЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯ

Атырауда жаңа журнал жарық көрді (+ФОТО)


Бүгін Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында «Сарайшық» журналының тұсаукесері өтті. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Атырау-ақпарат» медиахолдингі жанынан шығатын мерзімді басылым әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта болмақ.

— Сарайшық шаhары – ұлттық санамыздың баға жетпес асыл қазықтарының бірі де, бірегейі. Соның ішінде ең маңыздысы – әсем қаланың Ұлы Жібек жолындағы ұлттық руханият пен мәдениеттің ғажайып ошағына айналуы. Міне, сол ата-бабаларымыздың керемет үрдісін қайта жаңғыртар шақ бұл. Жаңа журналдың атауының намысты қамшылар, санаға шуақ шашар мәні де осында, — деді шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Журнал беттерінен тек облыс аумағындағы ақын-жазушылардың ғана емес, еліміздің қабырғалы қаламгерлерінің бұрын-соңды жарық көрмеген тың дүниелері жарияланып тұрмақ.

– Журналдың «Сарайшық» аталуының өзіндік символикалық ерекше мән-мағынасы бар, — дейді, «Атырау-ақпарат» медиахолдингі өкілдері. – Кезінде өркениеттің бастауы болған бұл шаһар Ұлы Жібек жолы бойындағы ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің мәңгі мәйегіне, руханиятымыздың ғажайып ошағына айналған. Ендеше осынау шежірелі шаһар атауы келешекте ұлттық санамыздың баға жетпес асыл қазықтарының бірі болуы тиіс.

Басылымның ақылдастар алқасында ақын, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай, композитор, жазушы, өнер зерттеушісі Илья Жақанов, ғалым, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес секілді көрнекті қаламгерлер мен ғалымдар бар.

Журналдың салтанатты тұсаукесер рәсіміне облыс басшылығы, жергілікті журналистер мен ғалымдар, сондай-ақ, Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев, Ғалым Жайлыбай, Светқали Нұржанов, Жанарбек Әшімжан, Бауыржан Халиолла, Дәулеткерей Кәпұлы секілді ұлт зиялылары қатысты.

«Атырау-Ақпарат»

img 20201119 wa00851
img 20201119 wa00831
img 20201119 wa00841

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button