Жарнама
Мәдениет

Атырауда мұнайшылар өмірін насихаттаған кітап көрмесі өтіп жатыр

Атырау қаласының 382 жылдығына орай Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында мұнайшылар өмірі туралы кітап көрмесі жасақталған, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көрмеге 200-ден астам мұнайшылар туралы кітап қойылған. Солардың бірі — «Қазақ мұнайының ардақтылары» атты өмірбаян сериясы. Бұл кітап Қазақстан Республикасының экономикасының кіндігі болып, бар саласына нәр беріп, әлемдегі мұнайлы елдердің қатарына қосылуына ерен еңбек сіңірген мұнайшы-ардагерлерімізге, олардың тәуелсіз еліміздің тарихында сақталатын өшпес есімдеріне арналған.

-Бұл көрме осыдан екі жыл бұрын жасақталған. Күз айында мұнайышылар күніне орай келушілер саны артады. Негізгі мақсат – мұнайлы өлкеміздің тарихымен, мұнай саласының дамуы және мұнайшылар өмірімен өскелең ұрпақты кеңінен таныстыру. Көрме жыл он екі ай өз көрермендерін күтеді, деді Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі Бибігүл Ерғалиева.

Айта кетейік, кітапханада мұнай саласына қатысты 300-ден аса кітап сақталған. Соңғы жылдары аталған сала туралы ізденушілер саны артқан.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button