Атырауда ерекше көрме залы ашылды
Өткен аптаның сенбі күні YEMAA заманауи мәдениет орталығында «Sheber. The Body and Rituals» көрмесінің ашылуы өтті.
Көрменің кураторы ̶ Асель Ахметжанованың айтуынша, «Sheber. The Body and Rituals» көрмеде шеберлердің және қолөнершілердің бұйымдары қойылған. Мұндағы «шеберлік» сөзі күнделікті қол еңбегімен ғана шектелмейді, сонымен қатар кеңірек ғұрыптық тәжірибені де қамтиды. Жоба авторлары қолөнершіліктің генезисіне, дағдылар мен дене жаттығуларының байланысына, сонымен қатар заманауи қазақстандық суретшілер мен әртүрлі қалалардағы қолөнер шеберлерінің жұмыстары арқылы осы өнердің болашағына көз жүгіртеді.
Көрмеге Ғалым Маданов және Зәуреш Терекбай, Гүлнұр Мұқажанова, Жанна Нөгербек, Нурбол Нұрахмет, Сержан Баширов, Меруерт Қонақова және Дария Нұртазина сынды суретшілердің туындылары қойылды.
YEMAA заманауи мәдениет орталығында бейнелеу өнері мен мультимедиялық көрмелер, танымдық лекциялар, жаңа медиа бойынша шеберлік сабақтары, суретшілер, мүсіншілер, ақында, музыканттар және өнердегі тәжірибесімен бөлісуге дайын адамдармен кездесулер өтеді.
Сондай-ақ, аукциондар, арт-бранчтер, фильм көрсетілімдері, авторлық кештер, презентациялар, студиялық тренингтер және DJ-сеттерін қамтитын параллелді бағдарлама да бар.
Орталық өз қызметін кең аудиторияға бағыттайды және атмосфералық кеңістік, қызықты контент және шығармашылық потенциалды жүзеге асыру үшін алаң іздейтіндердің барлығына қол жетімді.
Бұл орталықта серіктестер мен достардың қолдауымен құрылған кітапхана да бар.
Кітапханаға келушілерге есік ашық. Орталықта пікірлесу тобы, фильм көрсетілімінен немесе лекциядан алған әсерлерді талқылауға болатын кофе бұрышы да бар.
Көрмені көрермендер 14 қараша мен 10 қаңтар аралығында сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін тамашалай алады.