Жарнама
Мәдениет

Атырауда 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай мерекелік шара өтті

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

mg 1233

— Бұл күн мереке болып қабылданғанына көп уақыт өте қоймаса да, халық арасында кеңінен танылып, үлкен отбасылық мерекеге айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бұл мереке — қиын-қыстау замандарда татулық пен бірлікті сақтап қалғанымыздың көрінісі. Осы ретте, еліміздің дамуына үлкен үлесін қосып жүрген әр түрлі сала қызметкерлеріне, оның ішінде полицейлер мен төтенше жағдай қызметкерлеріне, дәрігерлер мен мұғалімдерге алғыс айтамын. Қоғам өміріне арасалу — азаматтық дамудың белгісі. Бұл ретте, қоғамдық жұмыстарда белсенді еңбек етіп жүрген азаматтарға ризашылығымды білдіремін, — деді Ж.Бисембиев.

Мерекелік шарада аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін 17 адам облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

mg 1129

Сондай-ақ, Жасұлан Бисембиев «Тхоньиль» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Людмила Лиге Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» төсбелгісін тағып, бірнеше азаматқа Алғыс хат табыс етті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button