Атырауда этноауыл ашылады
Атырау өңірі қойнауындағы «қара алтыны», бағалы бекіре балығымен әлемге танымал. Бұдан өзге пайдалы қазбалары мен тарихи орындары көп қасиетті мекенге бүгінде төрткүл дүние көз тігіп отыр. Иә, Атырау өңірі еліміз бойынша шетелдіктер ең көп келетін аймақ. Меймандар маңдай тірегенінде біз оларға өз өлке, еліміздің негізгі құндылықтарын қаншалықты танытып жатырмыз? Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихын тиісті деңгейде таныстыра алып жүрміз бе?
Е л і м і з г е ш е т е л д і к қонақтардың ең көп келгені «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізген кезең екен. Әлем назарын аударған осынау шараны өткізер алдында ұйымдастырушылар алыстанжақыннан келушілерге өзіміздің бай дәстүріміз бен сан-қилы с а л т ы м ы зд ы д ә р і п т е й т і н , өнерімізді насихатт айтын орынның қажеттілігін түсініпті. Ойлана келе, көрме павилиондары орналастырылған маңнан ха лқымыздың мәдениетін көрсететін орталық салу қажет деген тоқтамға келген.
Осылайша, Е л о р д а д а ғ ы « Қ а з а н а т » ипподромының аумағынан қазақ халқының ұлттық дәстүрін кеңінен көрсететін «Этноауыл» этномәдени кешені жасақталды. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Талғат Тұрғалиевтің айтуынша, этноауылда сол кезде бірнеше тақырыптық аумақтар құрылған. Мәселен, «Қолөнершілер» секторында қолданбалы қазақ өнерінің экспозициясы көрс етіліп, мұнда кескіндеме, зергерлік бұйымдарды әзірлеу, ағаш ою, қыш ыдыстарды жасау, кестелеу өнері, тағы басқа қолданбалы өнерлер көпшілік назарына ұсынылған. Шетелдіктер сол жерде шеберлерге тапсырыс беріп, өздеріне ұнаған бұйымды көздерінше жасатып алуына жағдай жасалыпты.
А л , « Ұ л т т ы қ д ә м орталығы» секторында этноауыл қонақтары қазақ халқының қ о н а қ ж а й л ы л ы ғ ы н к ө р і п , ұлттық асхананың алуан түрлі тағамынан дәм татқан. Ұлттық болмысымыздың тағы бір басты белгісі – аңшылық кәсіп екені белгілі. Ол «Дәстүрлі аң аулау өнері» секторында көрініс тапқан. Мұнда құстармен дәстүрлі аң аулау өнері, саятшылық және дала аңдарын тазымен аулау секілді қазақ халқының ең сүйікті кәсібі көпшілікке көрсетілсе, жергілікті мергендер өз өнерлерін халық назарына ұсынған. Қонақтар мен шетелдік туристерді «Ұлттық ойын және ойын-сауық» секторы ерекше қызықтырыпты.
Мұнда «Көкпар», «Теңге алу», «Қыз қуу», «Аударыспақ», «Алтыбақан» секілді қазақтың ұлттық ойындары көрсетіліп, жұрт делебесін қоздырған талай сайыстар өткен. Этноауылға келгендер айнала тігілген ақ шаңқан киіз үйлер мен ұлттық нақышта киінген өнерпаздарды көргенде құдды өткен дәуірге енгендей әсерде қалған көрінеді. Осылайша, халқымыздың көзтартарлық бейнесін қалыптастырған кешен шетелдік қонақтар үшін басты туристік нысанға айналып, арнайы келіп тамашалаған көпшіліктің қарасы көрме аяқталғанша толастамапты.
- – Дегенмен, бұл қуанышымыз ұзаққа созылмады. Халықаралық көрме аяқталған соң көп кешікпей жаңағы сән-салтанат құрған аумақ баяғы «таз қалпына» қайта түсті. Киіз үйлер жығылып, сахна орындары жиылыстырылып алынды. Дүбірі дүйім жұртқа жеткен даңғаза алаң «дым болмағандай» делиді де қалды. Жер сипап қалдық. Сөйтсек, мұның бәрі уақытша нәрсе екен. Сол себепті көңіліміз түсті. «Осындай этноауыл тұрақты қызмет етсе, елорданың сәнді бір мәдени орталығы болып қалатын еді ғой — деп налыдық, — деді елінің дәстүрі мақтанышпен дәріптелген кезеңді әңгімелеп отырған Талғат Мырзашұлы.
Еліміздің бас шаһарында орын алған осындай жағдай біздің өңірде қайталануы мүмкін бе? Осы сауалды біз «Нұрлы тал» этнопарк жобасының авторы Гүлжан Күзекешоваға қойдық.
- – Қазақ халқының ұлттық құндылығын атадан балаға мұра ету және көне тарихымызды бүкіл әлемге танытуды мақсат еткен бұл жобамызды жүзеге асырудың алғышарттары жасалып жатыр. Этноауыл салуға Еркінқала тас жолы бойынан 2 гектар жер бөлініп, қазіргі күні құрылыс алаңының кей бөліктері қоршалды. Әзірге нысанды салу мақсатында құны 217 млн. теңге болатын жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Ал, негізгі нысанды салуға 203 млн. теңге жұмсалмақ. Бүгінде құрылыс жүргізілер орынға электр желісі тартылып, жарығы қосылды. Енді су мен газ жеткізіледі. Негізгі жұмыстар күн жылына басталғалы отыр. Келісімшартқа сәйкес, этнопарктің пайдалануға берілу мерзімі 2023 жыл деп белгіленген. Алайда, біз аталған мерзімді бір жылға ілгерілетуді көздеп отырмыз. Жұмыс қарқыны ойдағыдай болса, жұртшылық асыға күткен бұл нысанды 2022 жылдың 22 наурызында бітіруді, ел игілігіне тапсыруды жоспарлаудамыз. Бұл ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруға негізінен облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы үлкен қолдау білдірді. Барлық кеңестерді беріп, инфрақұрылымдық мәселерді шешуге ықпал етті, — деді жоба авторы.
Же ке к ә с і п ке р Г ү л ж а н Күзекешованың айтуынша, «Нұрлы тал» этнопаркінде балаларға арналған ұлттық алаңдар, жастар серуендейтін – «Ғашықтар алаңы», жігіттер баратын – «Батырлар алаңы» жұртшылықты өзіне шақыратын болады. Осымен қатар, «Ұлттық жәрмеңке» деген бөлікте ұлттық нақыштағы киім-кишек, ыдысаяқ, көрпе-жастықтар, қыз жасаулары, ұлттық киімдер көпшілікке ұсынылмақ. Бұған арнайы 12 сауда орны белгіленіп жатыр. Келушілерге дәмі тіл үйірер тағамдарын ұсынатын «Ұлттық асхана» да осы ауылдың бір бөлігі. Ал үлкен алаңқай бөлінген «Ұлттық сахна» бөлігінде түрлі мәдени шаралар, ұлттық сайыстар, ойын түрлерін өткізу жоспарланған.
Сонымен қоса, жылқымен серуендейтін алаң да қарастырылған. Ол жерде кішігірім көкпар, теңге алу, аударыспақ ойындары ұйымдастырылмақ және «Малқора көрмесі» ашылмақ. Онда төрт түлік мал төлдерімен бірге көрініске қойылады. Сол маңда ат арбаға, түйеге, жылқыға міну қызметі көрсетілмек. «Қарауыл төбе» деген жасанды биіктік жасалып, ол жерде ойын алаңы орналасады. Төңірекке жасыл-желек отырғызылып, көрмелік демалыс орындары орналасады. Киіз үйлер мен алтыбақандар, тапшандар мен шалаштар қойылып, олар ұлттық нақышта безендіріледі. Әр киіз үйдің «қазақи» өз атауы болады. Этнопарк жобасының қолға алына бастағаны, жұртшылық үшін жағымды жаңалық. Ал, ең бастысы, нысанның жылдың төрт мезгілінде де жұмыс жасайтындығында. Ендеше, қуана бер ағайын! Біздің өңірде де ұлтымыздың исі шығып тұратын орталық пайда болады. Ол күн де алыс емес.
Мұратбек ЖАҢАБАЙ