“Атырау Маржандары” олар кімдер?
Махамбет атындағы облыстық академиялық қазақ драматеатрында Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «АтырауМаржандары» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Оны облыстықмәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы атақты«Маржан қыз» әнінің шыққанына 70 жыл толуына орайұйымдастырды.
Кеш атақты жылқышы, Социалистік Еңбек Ері МаржанЕнбаеваны еске алуға және оның бүгінгі сіңлілері – елэкономикасының сан саласында еселі еңбек етіп жүргенатыраулық Маржандарға арналды.
Маржан Енбаева – бүгінгі Маржандардың үлгі алар апасы, тыл еңбегінің батыры, Индерауданындағы Елтай ауылының тумасы. Он сегіз жасынанұжымдық шаруашылықтың 300 шамалы жылқысын шашаушығармай бағып, оларды 1942-1946 жылдары вагонменмайдан жұмысына жөнелтіп отырған. Азамат арқалар жүктіталдырмаш бойжеткеннің ойдағыдай атқарып жүргенібасшыларды да таңғалдырады. Қаршадай қыздың қажырлыеңбегі ескеріліп, 1948 жылы оған берілген «СоциалистікЕңбек Ері» атағының «Орақ пен Балға» медаліне қоса, өңіріне Ленин ордені де тағылады. Бұл кезде батыр қыз бар болғаны 24 жаста еді.
1951 жылы танымал композитор Әбілахат Еспаев Маржанныңосындай азаматтығы мен батыр да қайсар мінезіне арнап«Маржан қыз» әнін жазды. Сөйтіп, елге үлгі боларлық ісатқарған еңбеккер қыздың қайрат-жігерін жұртшылыққа кеңнасихаттау, оған зор құрмет көрсетуден туған «Маржан қыз» әнін әлі күнге сүйіп орындамайтын, ұйып тыңдамайтын адамкемде-кем.
Кеш барысында Маржан апаның қызы Дариға Енбаева есіміелге кең жайылған анасының еңбекқорлығы мен бірбеткеймінезін, өжеттігі мен бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтын қайсарлығын баса әңгімеледі.
Мемлекеттің малын бағып жүрген кезінде 18 күн жоғалып кетіп, өзі қиналса да, малдышығынға ұшыратпағанын үлгі етті.
– Осы залда аққу-қаздай тізіліп отырған анамыздың аппақсіңлілері – барша Маржандарға тек сәттілік тілеймін. Шараның салтанатты жағдайда өтуіне мұрындық болған ақын, ғалым сіңліміз Маржанға, ұйымдастырып өткізген билікбасында жүрген атыраулық азаматтарға ақ алғысымдыайтамын. Бәріңізді анамыздың рухы қолдап жүргей! – деді Батырдың қызы.
Өмірден ертерек өткен мұнайшы, КСРО Жоғарғы Кеңесініңдепутаты Маржан Боранбаеваның сіңлісі – Гүлнар, озатсауыншы, Еңбек Қызыл Ту, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерінің иегері Маржан Мұқанованың қызы – Ұлтуған, театр залына жиылған басқа да Маржан есімді әйел затысахна төріне шақырылып, ұлығыланды.
Олар – Маржан Ғалымжанова, Маржан Бисенова, Маржан Төреханова, Маржан Диарова, Маржангүл Сүлімова, Маржан Байзулиева, Маржан Үрпекова, Маржан Симанова, Маржан Қабышева, Маржан Боранбаева, Маржан Мақсым, МаржанКенжеахметова, Маржан Асқарова, Маржан Кенжеғалиева, Маржан Қарабаева, Маржан Маршалл, Маржан Есжанова, Маржан Ершу.
Жаңа кітаптың тұсауы кесілді.
Жуырда Нұр-Сұлтан қаласындағы баспадан «АтырауМаржандары» атты әдеби-танымдық жинақ жарыққа шықты.
Ол қалың оқырманға арналған, авторы және бас редакторы – Маржан Ершу. Кітап Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің алғысөзімен басталып, адал еңбек аренасында өзіндік қолтаңбасын қалдырып кеткен Маржан Енбаева, Маржан Мұқанова, Маржан Боранбаевалар және олардың бүгінгі сіңлілері – атыраулық Маржандар жайлы кеңінен сыр шертеді.
Бояуы кеуіп үлгермеген кітаптың тұсауын кескен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пен қоғамдық кеңестің төрағасы Максим Ізбасов өз құттықтауларын жеткізді. Кештің құрметті қонағы композитор, Қазақстан және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген қайраткері Илья Жақанов:
– Қазақстанда Маржан атты қыз көп. Бірақ, солардың басын біріктіріп, осындай адам жанын елжіретер кеш ұйымдастырылып жатыр ма, жоқ па – ол жағы маған белгісіз… Мен «Маржан қыз» әнін 1952 жылы 8 сыныпта оқып жүргенімде радиодан алғаш рет естіп едім. Содан бері оны сүйіп тыңдаймын. Шындығында, бұл әннің құдіреті күшті! Міне, осыдан кейін елімізде Маржандар көбейді, – деп, барша Маржанның басын біріктіріп отырған ақын қарындасы Маржан Ершуге өзінің жүрекжарды алғысын айтып, игілік тіледі.
Жаңа жинаққа енген Маржандардың ең үлкені – 90 жастағы Маржан Қабышева сахна төріне көтеріліп:
– Қазақ – өзінің тілі мен дінін, салт-дәстүрін құрметтеген халық. Қай кезден біздің батыл да батыр қыздар ел басына қиындық туған кезде азамат орнында жүрді. Құлазыған дала мен құлдыраған шаруашылықты қалпына келтіруге атсалысты. «Маржан қыз» әні жастардың рухын көтеріп, жігерін жаныды. Қасиетті де қастерлі еңбекке деген құлшынысын оятты. Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, халқы ғұмырлы болсын, – деп, осы шараны өткізуге атсалысқан облыс басшылығы мен ұйымдастырушыларға, ақын Маржанға аналық ақ батасын берді.
Кеште ақын, аудармашы, ғалым жерлесіміз Маржан Ершу өзінің бірнеше өлеңін оқып, атыраулық бұлбұл, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенованың шәкірті Маржан Төреханова әннен шашу шашты.
Театр фойесінде «Атырау Маржандарының» көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Маржан Маршалл «Сән үйінің» үздік топтамасы көрсетілді. Шара бойына «Інжу-Маржан» би ансамблі, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның әншілері, «Дарын» ұлдар хоры өнер көрсетті.
Осындай шара Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде де өтті.
Лиза СЕЙТІМОВА