“Атырау Маржандары” әдеби-сазды кеші өтті

5341d5e2 7dc2 40f9 b1c7 ccdd18c01f53 Мәдениет

 Махамбет атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Атырау Маржандары» атты әдеби-сазды кеш өтті. 

    Кеш «Маржан қыз» әнінің шыққанына 70 жыл толуына орай атақты жылқышы, Социалистік Еңбек Ері Маржан Енбаеваны еске алуға және оның бүгінгі сіңлілері – ел экономикасының сан саласында еселі еңбек етіп жүрген атыраулық Маржандарға арналды.

b010c3b9 d340 4722 bddb 17ccb4abb3f3
aaef68b3 7b47 400d afd2 6696980431a5
ec223c28 25bb 4401 afcd f45dce77e0ec
5dc6d1a3 9a5b 405f 92d9 2ac57434887c

   Маржан Енбаеваның қызы – Дариға Енбаева, басқа да құрметті қонақтар қатысып, сөз сөйледі. Атырау облысы әкімінің қолдауымен ақын, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Ершудың «Атырау Маржандары» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді. 
Шара барысында Маржан Маршалл «Сән үйінің» үздік топтамасы көрсетіліп, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның әншілері өнер көрсетті.

Лиза СЕЙТІМОВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз