Жарнама
Мәдениет

Ақтөбе-Лаэти: Ұлы дала мұрасы жаңғыру жолында

Атырау өңірінің бай тарихынан сыр шертетін Ақтөбе-Лаэти қалашығы – XIII-XIV ғасырларда гүлденген, бүгінде археологиялық және тарихи құндылығы зор нысан ретінде танылып отыр. Қалашық қазіргі “Жұлдыз” шағынауданының іргесінде орналасқан. 800 жылдық тарихы бар бұл жәдігер Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің тізіміне енгізілген.

Атырау облысы әкімдігі тарихи орынды ашық аспан астындағы музейге айналдыру туралы шешім қабылдап, жүйелі жұмыстарды бастап кетті. Бұл туралы облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқарқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

img 4979

Қазір қалашықтың аумағында археологиялық қазба жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мамандар көне қалашықтың құрылымы мен тарихи кезеңдеріне қатысты тың деректер жинауда.

img 4978

Облыс әкімі Серік Шәпкенов пен облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қалашықта арнайы болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Олар Ақтөбе-Лаэти қалашығын сақтап, оны туризм нысаны ретінде дамытуға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

img 4975

Тарихты сақтау – ұлттың болашағына жасалған маңызды инвестиция. Ақтөбе-Лаэти қалашығы – тек Атырау облысының ғана емес, күллі қазақ даласының тарихи-мәдени мұрасы. Қалашықты жаңғырту – өткен мен бүгінді жалғап, келешек ұрпаққа тағылым боларлық игі іс.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button