Жарнама
Мәдениет

«Абылай ханның қара жолы»

Атырау қаласындағы Ғ.Сланов атындағы ғылыми-әмбебап
кітапханасында «Абылай ханның қара жолы» атты тарихи-танымдық экспедиция өкілдерімен кездесу өтті.

Ақмола облысы әкімдігі мен бабалар мұрасын насихаттаушы «Бабалар
рухына тағзым» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылған экспедиция сапарын сұлу Көкше жерінен бастапты.

​Алыстан келген қонақтарды қарсы алған кітапхана директоры Сара Ізмұхамбетова экспедиция өкілдеріне алғыс айтып, сапардың сәтті өтуіне тілегін білдірді.

​– Сіздердің экспедицияларыңыз кейінгі ұрпақтың санасына серпіліс әкелетіні сөзсіз. Өйткені, бұл бастаманың ұлт тарихын зерделеудегі маңызы зор, — деді Сара Салахиденқызы.
​Экспедиция жетекшісі Мұрат Ыдырысұлының айтуынша, экспедиция Қазақстанның батыс өңірінің тарихи, рухани, мәдени өмірі мен салт-дәстүрін зерделеп, өңірдің ұлы тұлғаларының өмірі мен шығармашылығымен танысуды көздейді. Ежелгі қала орындарын, сәулеті мен мәдениетін зерттеуді, қазақтың азаттығы үшін болған шайқас орындарын аралап, тарихи-өлкетану музейлерінің жұмысымен мақсат етеді.

​– Маусым айының 12-де басталған сапар Алтын Орданың 750 жылдығына, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына, шығыстың қос жұлдызы Мәншүк Мәметова мен Хиуаз Доспанованың ғасырлық мерейтойына арналып отыр. Ақмола облысынан бастауын алған экспедиция барысында Түркістан қаласы, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында болдық. Алдыңғы күні Атырауға аймағына табанымыз тиді. Алдағы сапарымыз Батыс Қазақстан облысында жалғасады. Одан кейін қайтадан Ақтөбе облысы арқылы Орынбор қаласына да ат басын бұрмақпыз. Барлығы 8500-ден астам шақырым жол жүрмек ойымыз бар, — деді экспедиция жетекшісі.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button