Жылумен қамту кезінде ақау шыққан 13 тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде
Көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамту кезінде анықталған ақаулар бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау облысы бойынша 1789, ал Атырау қаласында 1228 көппәтерлі үй бар. Хабарламада биылғы 9 қазаннан бастап тұрғын үйлерге біртіндеп жылу берілді. Жоғары қысыммен жылу берілгенде 72 тұрғын үйдің ішкі жылу жүйесінде келесідей ақаулықтар анықталғаны жарияланған.
“Атап айтсақ, кейбір жалпыүйлік есептегіш құралдарын тұрғындардың мерзімінде ауыстырмауы, жертөле және пәтерішілік желілерден ақау шығуы. Бұл жұмыстар кондоминиум басқару органдары мен тұрғындардың жауапкершілігінде болып табылады. Ақаулықтарды жою мақсатында қала әкімдігімен 3 бригада құрылды.
Бүгінгі таңда жылу беріліп, алайда ақаулар анықталған 13 тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде”,- делінген.
Айта кетейік, қалпына келтіру жұмыстары
Азаттык 64а, Махамбета 125Б, Ондасынова 7, Волгоградская 14В, Досмухамбетова 12, Досмухамбетова 19, Махамбета 101, Баймуханова 47, Кожакаева 44, Владимирский 99, Лесхоз 35, Азаттык 67 мекен-жайы бойынша жүргізілуде.