Жарнама
Инфрақұрылым

Жұбан ақын көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды

Бүгінде облыс орталығында жоспарланған жол жөндеу-құрылыс  жұмыстары жандана түсті. Бұл нысандардың қатарында Ж.Молдағалиев көшесі де қамтылған.

 Аталған көшенің Азаттық даңғылымен қиылысқан тұсынан басталып, Жайық жағасында орналасқан «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі аралығын алып жатқан учаскедегі жұмыстарды «МКДСМ» ЖШС-нің мамандары атқаруда.

Құрылыс учаскесінің бастығы Айдос Әженовтың айтуынша, жоба бойынша бұл жерде жоспарланған жолды асфальттау жұмыстары екі аптада аяқталады. Арнаулы техникалардың су тасқынынан қорғану жұмыстарына жіберілуі себепті, осыған дейін негізінен қол күшімен жасалатын тротуар төсеу, жиектастарды орналастыру  жұмыстары жүзеге асырылған. Құрылыстың негізгі бөлігі – жол  салу жұмыстары енді ғана басталыпты.

–Қазір құрылыс алаңындағы жұмыстарға 7 «Шахман» жүк автокөлігі, бір-бірден автогрейдер мен тракторлар, 25 жұмысшы тартылып отыр. Көше жолын асфальттауға жаңа технологиямен дайындалған, төзімділігі мен тиімділігі жоғары материалдар пайдаланылады. Осындағы жұмыстар аяқталған соң қаланың Жұмағалиев пен Әліпов көшелеріне орташа жөндеу жүргіземіз, — дейді мердігер кәсіпорынның өкілі.

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button