Жарнама
Инфрақұрылым

Жол сапасы: жалған ақпар болмауы тиіс!

Бүгін республика Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палатадағы «Ақ жол» және «AMANAT» партиялары фракцияларының мүшелері республика Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады. Оны жалпы отырыста Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Серік Ерубаев оқып берді. Депутаттық сауалдың мәтінін қоса жолдап отырмыз:

ПремьерМинистрдің

бірінші орынбасары

Р.В.Склярға

Биыл мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміз үшін маңызды «Астана–Балқаш–Алматы» (2017 ж. бастап), «Атырау–Астрахань», «Ақтөбе–Қандыағаш», «Талдықорған–Өскемен» (2019 ж. бастап) жолдарының реконструкция мерзімі ұзаққасозылғанын сынға алып, ағымдағы жылы оларды аяқтауды тапсырған еді.

Көлік министрі Қарабаев 23 желтоқсанда Мәжілісте өткен  Үкімет сағатындағы өз баяндамасында аталмышжолдардың жөндеу жұмыстары толық аяқталып, ел игілігіне қолданысқа берілді деп есеп берді. Есептің ішінде, құрылысы 2018 жылы басталып аттай алты жыл бойы жыр болып, аяқталмай жатқан  ұзындығы 277 шақырым «Атырау–Астрахан» тасжолы да бар.

Алайда, елмен тығыз қарым-қатынаста отырған «Ақжол» фракциясының депутаттарының министрдің ақпаратына күмәні бар. Атап айтсақ, Исатай ауданында 17 шақырымды құрайтын «Аққыстау–Тұщықұдық» айналма жолы әлі басталмаған деп айтуға болады. Кейбір учаскелерде асфальттің соңғы қабаты салынбаған. Ерғалиев ауылында бүгінгі күні көпір құрылысы бітпеген, әлі айналып өтіп жатыр.

Бірінші, екінші, үшінші лот бойынша, 621–753-шақырымның арасында, яғни 132 шақырымда жылдамдық шектеуі «сағатына 60 километр»  дегенжол белгілері әлі алынбаған. Ол не деген сөз? Ол барлығы 277 шақырымның жартысына жуық – 132 шақырымы толық бітпеді деген сөз.

Осы ақапаратты нақтылау үшін,  «КазАвтоЖол» ұлттық компаниясына 10 қарашада және 5 желтоқсандаАтырау облысының республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың жағдайы жөнінде ресми хаттар жібердік.

Ұлттық компания 23 желтоқсандағы жауабында нақты мәлімет берген жоқ. Сонда «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы Парламент Мәжілісі депутатының хатына неге толық ақпарат бермейді? Әлде жылы кабинеттегі шенеуніктер өңірлердегі жол құрылысынан бейхабар ма?

Тағы бір тоқталатын мәселе – көктем айларында елде су тасқынынан зардап шеккен автомобиль жолдардыңжағдайы да бізді алаңдатады. «Ақ жол» партиясынан сайланған жергілікті мәслихат депутаттарының мәліметінше, Атырау-Орал бағытындағы, Жылыой, Индер және Қызылқоға аудандарының су тасқыны кезінде зардап шеккен жол учаскелері әлі де толық жөнделмеген. Елдің апаттан зардап шеккен басқа өңірлерінде жағдай осындай деген ойдамыз.

Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясы келесі мәліметтерді беруіңізді сұрайды:

1. 2024 жылғы 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы атап өткен жол құрылыстарының бүгінгі күнгі жай-күйі туралынақты ақпаратты;

2. Еліміздің су тасқынынан зардап шеккен жол учаскелерін қалпына келтіру жұмыстары жөнінде толық мәліметтерді;

3. Аяқталмаған жұмыстар болған жағдайда, олардың нақты аяқталу мерзімдерін белгілеп,кестеге салып жүйелеп беруіңізді сұрайды.

Жауапты Мәжіліс депутаттарының аймақтарға шығу сапарына орай, яғни 2025 жылғы 5 қаңтарға дейін беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Ақ жол» ҚДП фракциясы депутаттары

СЕрубаев

А. Перуашев

Д. Еспаева

Е. Барлыбаев

К. Иса

Е. Бейсенбаев

«Аманат» фракциясының депутаттары

Д. Тұрғанов

ӘЖұбанов

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button