Жарнама
Инфрақұрылым

Жол сапасы цифрлық диагностикадан өткізіледі

Жолдардың сапасы мен қауіпсіздігі – ел дамуы мен халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Бұл әсіресе елді мекендерді өзара байланыстыратын күре жолдар жиі пайдаланылатын Атырау облысы сияқты өңірлер үшін аса өзекті. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі қолға алған заманауи диагностикалық технологияларды енгізу – осы салада жүйелі өзгерістер жасауға бағытталған маңызды бастама.

img 0712

Бүгінде Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы жанындағы 16 жаңа буындағы жылжымалы жол зертханасы еліміздің әр өңірінде жол жамылғысының сапасын кешенді түрде бағалап, нақты деректерге сүйене отырып шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл – тексеру мен бақылау жұмысын автоматтандырып, адами факторларды азайтуға және объективті бағалау жүргізуге жол ашады.

Атырау облысында жолдардың сапасына қатысты мәселелер халықпен кездесу барысында жиі көтеріледі. Әсіресе, облыс орталығын аудандармен және көрші облыстармен байланыстыратын жолдардың жағдайы мен олардың қауіпсіздігіне қатысты сын-пікірлер аз емес. Осы тұрғыдан алғанда, жылжымалы зертханалардың техникалық әлеуеті – жол сапасын нақты анықтап, қандай учаскелерде жөндеу немесе қайта жаңарту қажет екенін дәл анықтауға септігін тигізеді.

Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап іске қосылған Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының (ҚазЖолҒЗИ) арнайы зертханасы да жол қозғалысы қауіпсіздігіне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Жол таңбаларының, белгілер мен жарықтандыру құралдарының жай-күйін тексеру, ілінісу коэффициентін өлшеу арқылы жол-көлік оқиғаларының алдын алу – бұл бағыттағы нақты әрі тиімді шаралар.

Аталған бастамалар еліміздегі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған мемлекеттік стратегияның маңызды бөлігі болып отыр. Ал осы технологиялардың Атырау облысында да толық ауқымда қолданылуы – өңір халқының сапалы жолмен жүруіне, сондай-ақ көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.

Абзал МАҚСОТҰЛЫ,

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button