Жарнама
Инфрақұрылым

Жарияланған жайдың жаңғырығы

Атырау қаласындағы “Нұрсая” шағынауданында орналасқан №106 көпқабатты үйдің ауласындағы жол былтыр ғана жөнделген еді. Алайда көп ұзамай-ақ асфальттың сапасыздығы байқалып, жол қайтадан шұрқ-тесікке айналғаны рас. Бұл мәселеге байланысты тұрғындардың жанайқайы бірнеше мәрте “Атырау” газетінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланған болатын.

Ақпараттың әлеуметтік желіде кең таралуының нәтижесінде, Атырау қаласының әкімдігі жағдайға назар аударып, тиісті шара қабылдады. Кеше аула ішіндегі ойдым-ойдым жол бөліктері жамалып, ақаулы тұстар ретке келтірілді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button