Жарнама
Инфрақұрылым

Жаңаталапта жаңа спорттық кешен болады

Жаңаталап ауылында 150 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Атырау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен салынып жатқан кешеннің мердігер мекемесі – «Powercon» ЖШС.

«Теңізшевройл» компаниясының демеушілігімен салынып жатқан кешенде тренажер және күрес, бокс залдары, ойын элементтері бар жалпы дене шынықтыруға, командалық, ашық және спорттық ойындарға арналған әмбебап зал бар. Әмбебап залда 150 адамға арналған көрермендер трибунасы қарастырылған. Барлық зал киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелермен жабдықталған. Сондай-ақ, күту аймағы бар медициналық кабинет, әкімшілік бөлмелері, интерактивті құралдары бар 40 орындық мәжіліс залы, 32 орындық буфет, күзет бөлмесі, вестибюль орналасқан.

– Командалық ойын залы волейбол, баскетбол, гандбол, шағын футбол, бадминтон, тенниске арналған. Күрес, бокс, тренажер залдары қажетті спорттық құралдармен жабдықталған. Спорт залы мүгедектерге де арналған, екінші қабатқа баспалдақ көтергіш қарастырылған. Күрес залы татами және күрес кілемдерімен жабдықталған, қабырғалары жарақаттанбау үшін жұмсақ қаптамамен қапталған. Күрес және бокс залдарында зілтемірге арналған платформалар бар, – деді облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.

Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі уақытта ғимараттың бетон іргетасын құю жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысын келесі жылдың қаңтар айында аяқталып, пайдалануға берілу жоспарланып отыр.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button