Жарнама
Инфрақұрылым

Тұрғындар: Атырауда жарық үп еткен желге сөне береді

Қатты жел көтеріліп, қар жауып, соңы жаңбырға ұласқан ауа райы атырау жұртын біраз әбігерге салды. Табиғаттың тосын мінезінен қаланың бірнеше шағынауданында, кейбір аудандарда жарық сөніп, аулалар суға толып, нысандардың шатырлары ұшып кетті.

Осы жағдайға байланысты Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Эдуард Оспанов қала бойынша қырық шақты техника жұмылдырылып, 3850 текше метрдей су сорылғандығын айтты.
– Дүйсенбіден бері еріген қар және жаңбыр суларының салдарынан қала көшелері суға толып, сору жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, тұрғындар 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш қалдырып жатыр. Бөлім тарапынан мамандар бөлініп, олар өте қиын жағдайда отырған тұрғындардың аулаларын кұрғатуға жұмыстануда. Техникалар күн сайын таңертеңгі 8.00-ден бастап жұмыс істеуде. Әсіресе, су деңгейі жоғары елді мекендердегі жағдай ерекше бақылауға алынды. Мектеп, балабақша, амбулатория секілді әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан көшелердің суын сору жұмыстары бірінші кезекте жүргізілді, — деді Э.Оспанов.

Ал, «Атырау-Жарық» АҚ қалалық электр жүйелерінің бас инженері Тілеужан Меңдалиев электр желілерінің үзілуіне трансформаторлық стансалардағы сымдардың бір-бірімен айқасуы себепші болғандығын айтып отыр.
– Түске дейін электр желілерінің үзілуіне байланысты қаладағы он шақты шағынауданда жарық сөнді. Сондай-ак, желдің әсерінен шатырлардың электр желілеріне құлауы да орын алды. Қалалық электр жүйесінің 22 жедел шығу бригадасы қалыпқа келтіру жұмыстарын атқарды. Оған желдің қатты екпіні кедергі келтірсе де мамандар өз міндеттерін абыроймен атқарды. Қала бойынша барлық шағынауданда толықтай электр жарығы берілетін болады, — деді Т.Мендалиев.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button