Тасқын су тас жолдарды шайып жатыр
Миялы ауылынан 4 шақырым қашықтықтағы Миялы-Сағыз тас жолының үстінен су жүріп кетуіне байланысты көлік қозғалысы тоқтады. Қазір 1 маторлы қайықпен сағат 09.00-ден 19.00-ге дейінгі аралықта тұрғындарды тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылуда.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, облыстық маңызы бар «Миялы-Қарабау-Индер» тас жолын тасқын су шайып кетіп, әзірге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 10 КамАЗ, 2 жүк тиегіш техникасымен уақытша қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ Жасқайрат ауылынан 2 шақырым қашықтықтағы «Жалаңаш көл» тұсындағы тас жолдың үстінен Ойыл өзенінің жайылмаға шыққан тасқын суы жүріп кетті. Бұл аумақтың ұзындығы 120-130 метр шамасында. Автокөлік қозғалысы шектелді.
Қызыл судан жырылған тас жолдар көктемгі өр суының келу кезеңі өткен соң жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіріледі.