Жарнама
Инфрақұрылым

Талқайран мен Берекеде құрылыс қарқыны тексерілді

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Махуов Талқайран ауылындағы және “Береке” шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерге қажетті инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді.

a7a98aee 0246 4897 afa1 384627a69e77

Алдымен Талқайран ауылындағы қосалқы электр станциялары мен таратушы станциялардың жағдайы қаралды. Бұл нысандар толықтай – 100 пайыз – аяқталған. Бұдан кейін таза ауыз суға арналған резервуардың құрылысы тексеріліп, оның 95 пайызға орындалғаны белгілі болды.

Кәріз жүйесіне қатысты жұмыстардың қарқыны төмен екені атап өтілді. Кәріз сорғы станциясының құрылысы әзірге 10 пайыз шамасында ғана, сондықтан мердігер мекемеге жұмысты жеделдету тапсырылды.

Сапар барысында Береке шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылым құрылысы да назарға алынып, нысандарды уақтылы аяқтау жөнінде нақты нұсқаулар берілді.

Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл жобалар аяқталған соң жаңа тұрғын үйлер сапалы электрмен, ауыз сумен және кәріз жүйесімен толық қамтылатын болады.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button