Жарнама
Инфрақұрылым

Талдыкөлдегі су шайған кірме жол уақытша қалпына келтірілді

Бұл туралы Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс селолық округінің әкімі Сейілбек Зұлқашев мәлімдеді, — деп хабарлайды облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб.

Бұған дейін тасқын су кезінде бір шақырымға жуығы бүлінген тас жол уақытша қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді.

–Талдыкөл ауылына кірме жолдың су шайып кеткен бір шақырымға жуық бөлігіне бірнеше күннен бері қатты тас қиыршықтарын, қалдықтарын төгу жұмыстары жүргізілді. Су өткізу үшін тұрба салынды. Кірме жол уақытша қалпына келтіріліп, 6 маусым күні кешкілік толықтай ашылды. Қазір жолды тегістеу, нығайту жұмыстары жүруде. Бір бағытта ашылған жолмен жеңіл және ауыр көліктер қатынай алады, — деді Бейбарыс селолық округінің әкімі Сейілбек Зұлқашев.

Айта кету керек, бүгін түстен кейін Атырауға эвакуацияланған тұрғындар Талдыкөл ауылына қайта көшіріледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button