Жарнама
Инфрақұрылым

«Тайсойған-Миялы» магистралды су құбырының құрылысы қарқынды жүруде

Атырау облысындағы Қызылқоға ауданына қатысты бұл жоба бойынша су құбырының ұзындығы 73,5 километрді құрайды. Оның бүгінде 26 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдулат Кенжебековтің айтуынша, «Сапа құрылыс-2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік еткен.

–Бүгінде жобаның мақсаты – Миялы және Жангелдин ауылдарының тұрғындарын тұрақты ауыз сумен қамту. Мұнда 12 дана су ұңғымасы, 2 дана су айдау бекеті салынады. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталады деп жоспарланған. Тапсырыс беруші – Cу ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті, — деді А.Кенжебеков.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button