Жарнама
Инфрақұрылым

Сынама сапаға кепіл бола ма?

Мұнайлы өлкеде қарқынды жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстары барысында құрылыс материалдарынан сынама алынып, сапасы тексерілетін болады. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының бөлім бастығы Нұрлан Жантуриннің айтуынша, инженерлер жұмыстарды қатаң бақылауға алмақ

Бөлім бастығынан тағы білгеніміз, Атырау қаласындағы Еркінқала елді мекеніне бағытталған Жастар көшесіндегі 11,7 шақырым жолды қайта жаңғырту жұмыстары мамыр айында басталған. Бұл жолдағы құрылыс жұмыстары былтыр басталғанболатын, биыл жалғасатын көрінеді. Жарбосынов көшесіндегі 2,202 шақырым жол орташа жөнделеді. 

​– Қ.Сәтпаев көшесінде 3,5 шақырым, И.Тайманов көшесінен Сарыөзекке дейінгі 6,4 шақырым жол қайта жаңғыртылуда. Ал, Ерниязов көшесіндегі 0,753 метр жол, Азаттық көшесіндегі 2,4 шақырым жол орташа жөнделеді. Қазір аталған жолдарда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жаз бойы бұл жолдардан бөлек 21 нысанда жолдар салынады. Біздің инженерлеріміз жол құрылысы кезінде тексеріске шығып, құрылыс материалдарынан сынама алады,-дейді Нұрлан Жантурин.  

​Рас, бүгінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты қала көшелерінің бірнеше бөлігі жабылды. Соның салдарынан, жол бойында ұзын-сонар кезек пайда болып, қатынасқа қиындық келтіріп отыр. Үйінен жұмысына, балабақшаға бірнеше сағаттап жетуге мәжбүр болған атыраулықтар кептеліс кезінде «келесі жазда осы жол қайта шұрқ-тесікке айналады» деп сапасына қазірден-ақ «баға беріп» жатқанға ұқсайды.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ   
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button