Шалшық судан құтылатын күн жақын
АТЫРАУДЫҢ БАСЫНАН БАҒЫН ТАЙҒЫЗЫП, ЖАУЫН ЖАУСА АУЛАНЫ АЙДЫН КӨЛГЕ АЙНАЛДЫРАТЫН ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕГІ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ШЕШІМІН ТАБАТЫН БОЛДЫ. БҮГІНДЕ
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ МЕН ОҒАН ҚАРАСТЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ 11 УЧАСКЕГЕ КӘРІЗ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖҮРГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
ЖОБАЛАУ-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАЛАРЫ ЖАСАҚТАЛА БАСТАДЫ.
БҰЛ ТУРАЛЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ ҒАСЫРБЕК ТӨЛЕГЕН ХАБАРЛАП ОТЫР.
Жасыратыны жоқ, жаңбыр жауса ми балшық пен шалшық судың ортасында қалатын қала мен оның маңындағы жеке секторға кəріз жүйесін жүргізу мəселесі біраздан бері көтеріліп келеді. Есептік кездесулер мен алқалы басқосуларда да тұрғындар осы проблеманы жиі қозғайды. Енді сең қозғалған секілді.
Атырау қаласы əкімінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлегеннен білгеніміздей, Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі жеке тұрғын үй секторларындағы 11 учаскеге жалпы ұзындығы 112,6 шақырым болатын кəріз желілерін жүргізу үшін жобалау-сметалық
құжаттамалары жасақталған. Олардың қатарында Ет комбинаты, Атырау
шағынауданы, Жұмыскер-2, Өркен-2, Сарықамыс-2, Балауса, Самал, Нұрсая,
Жерұйық, Лесхоз-2, Мұнайшы шағынаудандары бар. Жобалау-сметалық
құжаттама жасақтау үшін 39,2 млн. теңге бөлінген.
Бүгінде 9 учаскеге, соның ішінде Ет комбинаты, Жұмыскер-2, Өркен-2,
Сарықамыс-2, Самал, Нұрсая, Жерұйық, Лесхоз-2 жəне Мұнайшы
шағынаудандарына қатысты мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы
алынған. Қалған екі учаскенің – Балауса жəне Атырау шағынаудандарының
жобалау-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптаманың қарауына
əзірленуде.
– Соңғы жылдары қолданыстағы заңдылықтарға енгізілген өзгерістерге
сəйкес, бұған дейінгі мемлекеттік сараптамадан оң қорытындылары алынған
9 жобаға биыл қосымша қаржы көзін сұрату арқылы жобалау-сметалық
құжаттар жасақталатынын хабарлаймыз,-деді Ғасырбек Төлеген.
Айбөпе САБЫРОВА