Шалғайдағы ауыл көше жарығымен қамтылды
Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округі аумағындағы Қызылүй елді мекеніне биыл 10 кВт-тық әуе электр желісі және түнгі көше жарығы жүргізіледі. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұрынғы электр желілері төзімділігі жоғары СИП кабельдерге, ал ағаш бағандар темір-бетон бағандарға ауыстырылады. Сол сияқты көше жарығын жеткізетін желінің қуатын арттырып, сенімділігін қамтамасыз ету үшін заманауи үлгідегі КТПНГ-25-10/0,4 кВ қондырғысы орнатылады. Мұнда да ескірген электр тасымалдау желісі жаңа СИП кабельге ауыстырылмақ.
Сондай-ақ ауыл көшелеріне консоль түріндегі “Street-12-150/2E-B67” жарығы күшті, жарамдылық мерзімі жоғары диодты шамдар қондырылады. Олардың жалпы қуаты – 5,7 кВт. Электрмен жабдықтау үшінші санатқа кіреді.
Дәулетқали АРУЕВ
Исатай ауданы