Жарнама
Инфрақұрылым

Сапалы жол – қауіпсіз қозғалыс

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа жолдауында мемлекет басшысы 2029 жылға дейін елімізде жалпы ұзындығы 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап көрсетті. Қазақстанның Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыру керектігін меңзеді. Осылайша, таяу болашақта еліміз көліклогистика саласындағы ірі мемлекеттердің біріне айналмақ.

Сайып келгенде, көлік-логистика саласын жүйелі де жедел дамыту – мемлекет үшін аса маңызды стратегиялық міндеттердің бірінен саналады. Сол мақсатта алдағы үш жылда осы саланың республикамыздың Ішкі жалпы өніміне қосар үлес салмағын кем дегенде 9 пайызға жеткізу көзделген. Белгіленген межені бағындыру үшін жаңадан құрылған Көлік министрлігіне көп міндет жүктеліп отыр. Солардың ішіндегі ең өзектісі – жол инфрақұрылымын жақсарту болып табылады. Осы бағыттағы жоба-жоспарлардың да өз бастауын өңірлерден, заман талабына жауап беретіндей индустриялықинновациялық даму үрдісінен алатыны белгілі.

БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТА БЕРЕКЕ БАР

Мұнда түпкі нəтиженің саладағы құрылымдық бөлімшелердің бірлескен жұмыстарына байланысты түзілетіні де даусыз. Сондай жауапты да маңызды рөл атқаратын құрылымдардың қатарында Көлік министрлігіне қарасты «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кəсіпорны да бар. Құрылғанына төрт жыл толған кəсіпорынның еліміздің 14 облысы мен үш қаласында филиалы жұмыс жасайды. Республикалық кəсіпорынның негізгі қызметтік функциясы – автомобиль жолдарын салу, қайта жаңғырту, жөндеу жəне күтіп ұстау кезіндегі жұмыстарды тексеру, жол құрылысына қолданылатын материалдардың сапасын бағалау, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ведомстволық сараптама жүргізу, автокөлік жолдарын диагностикалау жəне аспаптық тексеруден өткізу. Халықаралық жəне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол-көлік инфрақұрылымы қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу. «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК-ының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Дархан Сайлауовтың айтуынша, 2019 жылға дейін «Атырау жол зертханасы» мекемесінің базасында жұмыс жасап келген бөлімше республикалық маңыздылықтағы автомобиль жолдарының ғана сапасын тексерумен шектелген. Одан беріде «Автомобиль жолдары туралы» ел заңына ішінара өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, жаңадан құрылған кəсіпорынға облыстық деңгейдегі жəне аудандар аумағындағы жолдардың да сапасын сараптамадан өткізу құқығы берілді. – Қазіргі мезгілде өңірде жалпы ұзындығы 3 050 шақырымға жуық автокөлік жолы болса, соның 1 125 шақырымын – республикалық, қалған 1 900 шақырымнан астамын – облыстық жəне аудандық маңызы бар жолдар құрайды. Алғаш құрылған жылы филиал мамандары республикалық жəне облыстық деңгейдегі 39 жолды ғана тексерсе, біртіндеп олардың саны артып, 79 бірлікке жетті. Сөйтіп, толық сомасы 357 млн. теңгеге бағаланған бүлінген жолдарды қалпына келтіру жұмыстары мердігер кəсіпорындардың есебінен атқарылды, — деді кəсіпорын басшысы. Кəсіпорынның өңірлік бөлімшесінің басшылығы өндіріске қажетті білікті мамандарды даярлауға баса көңіл бөліп, бұл бағыттта да белсенділік танытып отырғанына куə болдық. Атап айтқанда, филиал мамандары облыс орталығы мен аудандардағы мектептердің жоғары сынып оқушыларымен жүздесіп, мамандық таңдауларына бағытбағдар береді. Осындағы зертханада тоқсанына бір мəрте жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылады. Одан бөлек, бес студент, яғни болашақ маман жаз айларында ақылы өндірістік тəжірибеден өтіп, уақытша жұмыспен қамтылады.

АҚАУЛАР ӘЛІ ДЕ АЗАЙМАУДА

 Жүзеге асырылған жоспарлы іс-шараларға қарамастан, жолдардың бойында ақаулар азаймауда. Оларды дер кезінде анықтап, жойып отырмаса жолаушылардың өміріне айтарлықтай қауіп төндірері сөзсіз. Мəселен, жыл басынан бері облыс аумағындағы республикалық жəне жергілікті маңыздағы жолдардан 179 ақау анықталған. Соның ішінде, жергілікті 66 нысанға қатысты жасалған 204 рет тексерістің нəтижесінде 91 ақау анықталыпты. Осының ішінен 39-ы өрескел деп бағаланған. Соның 33-і бүгінге дейін қалпына келтірілмеген. Мұның сыртында, жол құрылысына қажетті материалдардан 1 023 сынама алынды. Оның да 364-і талапқа сай келмейтін болып шыққан . Республикалық жолдарға пайдаланылып жатқан құрылыс материалдарынан алынған 531 сынаманың да 128- нің стандарттарға сəйкеспейтініне көз жеткізілген. Сапасыз деп танылған 7378 шаршы метр асфальтбетон жабындысы, 5 текше метр темірбетон конструкциясы ауыстырылды. Одан бөлек, 120 500 шаршы метр жолға қарақиыршықтас қайта төселіпті.

ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯ – ТАБЫС КЕПІЛІ

Əңгіме арнасынан аңғарғанымыз, өзге салалардағы тəрізді мұнда да тиімділігі жоғары өміршең технологияларды өндіріске енгізуге бағыт ұсталған. Осы орайда, жол-көлік инфрақұрылымы жақсы дамыған Дания мемлекетінің озық технологиясын пайдаланып, сала мамандарының біліктілігін көтеру жəне тəжірибе алмасуын дəстүрге айналдыру кəсіпорынның келешектегі жұмыс жоспарының басты бағыттарының бірі екенін байқадық. Мұндағы негізгі мақсат – мүмкіндіктерді жұмылдыра, заманауи технологияларды ұтымды пайдалана отырып, болашақта автокөлік жолдарының сапасын арттыру, оның деңгейін халықаралық стандарттарға сəйке стендіру арқылы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, табысты салаға айналатынына, аз шығынмен көп пайдаға кенелуіне кепілдік беру. Ол үшін инновациялық жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажет.

*Төрт жылда мамандар барлығы 341 нысанға 3 612 рет тексеріске шығып, 1 038 ақауды анықтады. Оның 247-сі – өрескел кемшілік. *Жол құрылысына пайдаланылатын материалдардан 5 903 сынама алынып, зертханада тексеруден өткізілді. Қорытындысында, 900 сынаманың бекітілген стандарттарға сай келмейтіндігіне көз жеткізілді.

*Жыл басынан бергі он айда «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалы арқылы анықтаған ақаулар мен кемшіліктерді қалпына келтіруге бағытталған 418 млн. теңгенің жұмысы мердігерлердің қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

*Барлығы 14 600 шаршы метр бүлінген асфальтбетон жамылғысы, 5 900 шаршы метр шамасындағы жол табаны, 631 текше метр темір бетонды және 775 ш/м-лік көпір құрылымы қайта салынды.

Дəулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button