Жарнама
Инфрақұрылым

Қызылүйде 40 шақырым электр желісі жаңартылады

Атырау облысы, Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты Қызылүй ауылына осыдан ондаған жыл бұрын жүргізілген электр желісі ескіріп, тозығы жетуіне байланысты жаңартылады.

Орталықтан шалғайда орналасқан аталмыш елдімекенге тартылған желінің ұзындығы — 40 шақырым.

-Жобаның жалпы құны – 346 млн. теңге. Тапсырыс беруші – аудандық құрылыс бөлімі, ал бас мердігер – «Kaz Engineering Provider» ЖШС. Жоба бойынша жаңғыртылатын желінің қуаттылығы – 5,7 кВт. 2,5 шақырым көше жарығы, 25,3 шақырым 10 кВ әуе желісі, 260 метр жер асты кабелі қарастырылған. Сондай-ақ бір дана 25 кВт трансформатор, бір тарату бекеті және 38 дана көше жарығы бағаны орнатылатын болады, – деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Алтынбек Қуанғали.

Айта кету керек, кеңшар кезінде ірі ферма орталығы болған бұл елдімекеннің алып жатқан аумағы 90 гектарға жуықтайды, тұрғындардың саны – 265 адам. Аудан орталығынан 45 шақырым қашықтықта орналасқан ауыл халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Мұнда 32 шаруашылық құрылымы (негізінен шаруа қожалықтары) тіркелген.

Ауыз сумен қамтуда елдімекеннің негізгі бөлігі «Атырау су арнасы» желісіне қосылғанымен, шалғайда орналасқандықтан қызылүйліктер жерасты суын пайдаланады. Елді мекенде ауыз су, ұялы байланыс, көгілдір отын бар, жаңа мектеп ғимараты салынған.

Дәулетқали АРУЕВ

Исатай ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button