Жарнама
Инфрақұрылым

Құрманғазыда қос ауылдың ішкі жолдары қайта жаңғыртылып жатыр

Құрманғазы ауданына қарасты Жұмекен ауылының 6,3 шақырым, ал Дәулеткерейдің 4,4 шақырым құрайтын ішкі жолдарына тротуармен қоса қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мердігер мекеме — «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС.

–Жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары тұрғындарды сапалы жолмен қамтамасыз етіп, көліктердің ауыл ішінде еркін қатынауына, елдің қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді. Жаяу жүргіншілер жолдарының салынуы ауыл халқының күнделікті өмірін жеңілдетпек. Құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталады деп жоспарланып отыр, — деді учаске басшысы Анарбек Избулов.

Жөндеу жұмыстарына үш техника және 10 адам тартылған. Атап өту керек, 2024 жылы жалпы ұзындығы 1,8 шақырымды құрайтын жол учаскесінде жол қабатын қыру, жер бедерін тегістеу жұмыстары жүргізіліп, 15 см қалыңдықта құм-қиыршық тас төселді. Қазіргі уақытта ұзындығы 2,3 шақырым болатын жол учаскесінде жер бедерін түзету жұмыстары жалғасуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button