Жарнама
Инфрақұрылым

Құрманғазыда облыстық маңызы бар автомобиль жолының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Құрманғазы ауданындағы облыстық маңызы бар 26 шақырымдық «Құрманғазы-Приморье-Утеры-Котяев» автомобиль жолының құрылысы жалғасуда, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Бекет Сат Жол» ЖШС мердігер мекемесінің аудандағы өкілі Наурызбек Сабыровтың айтуынша, бұған дейін 10 шақырымға, ал қазіргі таңда 16 шақырым үстіңгі асфальт жабындысы төселіп, жоспарлы жұмыстар жалғасын табуда.

–Мердігер мекеме жол құрылысы жұмыстарын бекітілген кестеге сай жүргізуде. Сапа мен қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлініп, құрылыс нормалары мен стандарттар толық сақталуда. Бұдан бөлек жобаға түзетулер енгізіліп, Дәулеткерей, Құмарғали және Алтыншы елді мекендеріне кірме жол мен жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарлануда. Қазіргі нысан басына құрылыс материалдары толықтай жеткізіліп, жоспарлы жұмыстар жыл аяғына дейін аяқталады деп күтілуде, — деді Н.Сабыров.

Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін ауданның шекаралық аймақтарымен байланысы жеңілдеп, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалмақ. Сонымен қатар бұл жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мен туризм саласының дамуына да оң ықпал етеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button