Инфрақұрылым
Құлсарыға қатынайтын қара жолды да су шайды
Бүгін Доссор поселкесімен Құлсары қаласына қатынайтын қара жолды су шайып кетті. Бұл туралы облыстық жедел штаб хабарлады.
Бұған дейін республикалық “Доссор-Құлсары-Бейнеу” тас жолын ағын су шамамен 2 шақырымдай көлемде шайып кеткен болатын. Ал Жылыой халқына көмек жіберу қара жол арқылы жүзеге асырылып жатқан еді. «Жығылғанға – жұдырық» демекші, бүгінгі жағдай қара жолда да қауіп төндіруде.