Жарнама
Инфрақұрылым

Құлсарыдағы «Болашақ» шағынауданында тасжол төсеу жұмыстары басталды

Құлсары қаласындағы «Болашақ»шағынауданына тасжол төсеу жұмыстары басталды. Ұзындығы 3,2 шақырымды құрайтын 9 көшеге асфальт салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бұдан бөлек, тасқыннан бүлінген қалаішілік 12,1 шақырымды құрайтын автожолдың 6,8 шақырымы жөндеуден өтті. Жұмыстар өндірістік кестеге сай жалғасуда.

–Қаладағы С.Шәкіров, І.Сариев, А.Қауқаев, С.Датов көшелері мен С.Шәкіровты қосатын өткел және №181, №4, №204, №205, №207 №208, №209 нөмірлі көше жолдары мен орталық ауруханаға кірме жол жөнделеді. Сондай-ақ Тұзтөбе, Нұрлы жол, Д.Әжіғалиев, У.Әбдәрахманов, П.Бекбосынов, Сауран, Н.Ондасынов, №200, К.Аманжолов, Е.Тауманов және А.Секербаев көшелері мен №24 мектеп-гимназиясына кірме жол жаңартылады, — деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Нұралы Әбишан.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button