Жарнама
Инфрақұрылым

Құлсарыда жолдар жаңаруда

Құлсары қаласында 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде қалаішілік жолдар мен жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және көлік қатынасының қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.

Жылыой аудандық әкімдігі ұсынған мәлімет бойынша, автокөлік жолдарын қайта жаңартуда III кезең бойынша жалпы ұзындығы 33,4 шақырым жолды қайта жаңарту жұмыстары 2023 жылдың маусымында басталып, 2024 жылы аяқталды. Жобаның мердігері – «Kazcomservice» ЖШС.

IV кезеңде 76 шақырымды қамтитын 257 көшеге жол жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қазір бұл жұмыстар Солтүстік және Оңтүстік Әуежай, Мирас, Мерей, Шұғыла, Бірлік, Береке, Автожолшылар, Жадырасын және СМП-615 шағынаудандарында белсенді жүргізілуде. Бұл кезеңде де жұмыстарды бас мердігер «Kazcomservice» ЖШС атқаруда.

Сонымен қатар «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС 2021 жылдан бері “Атырау” шағын ауданында 22,1 шақырым жол мен тротуар салу жұмыстарын жүргізіп келеді. 2023 жылы жоба құны қайта есептеліп, сараптамадан оң қорытынды алды. Қазір жол жабынының төменгі қабаты төселіп, ірі түйіршікті асфальт төсеу жұмыстары жалғасып жатыр.

2024 жылы бірнеше көше орташа жөндеуден өтті.

2023 жылдың қыркүйегінде басталған күрделі жөндеу жобасы аясында 7,8 шақырым жол жөнделеді. Бұл жұмыстарға Махамбет, М.Танкыбаев, З.Есенов,
Ы.Мұхамбетов, Б.Өтеулиев, Ш.Оразалиев, Ұ.Әбдірахманов көшелері енгізілген.
Жобаның мердігері – «ABS Limited» ЖШС.

Сонымен қатар жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін де жаңа инфрақұрылым салынады. 37,6 шақырым тротуар мен веложол салу бойынша мердігер – «Сұңқар» ЖШС. Қазір шарт жасасу рәсімдері жүргізілуде.

Бұдан басқа, Махамбет даңғылы бойындағы жаяу жүргінші жолына 6 000 шаршы метр көлемінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалуда. Жөндеуді «Prof-Facade» ЖШС жүргізуде.

-Жол құрылысы мен инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бұл жобалар Құлсары қаласының келбетін өзгертіп қана қоймай, тұрғындардың күнделікті өміріне оң әсер етеді деп күтілуде. Сондай-ақ жол инфрақұрылымдарының жаңаруы өңір экономикасын өрлетуге де серпін береді. Жөндеу және құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып, сапалы әрі уақтылы орындалуы тұрақты бақылауда болады, — делінген Жылыой аудандық әкімдігінің ресми хабарламасында.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button