Жарнама
Инфрақұрылым

Құлсарыда тасқын кезінде бүлінген 10 шақырым жол қалпына келтірілуде

Құлсары қаласының 110 көшесінде жалпы ұзындығы 31,8 шақырым болатын жолды асфальттау жоспарлануда. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Құлсары қаласында су тасқыны кезінде шайылған 10 шақырым жолды қалпына келтіру басталды.

Жылыой аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық көлік және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекет Бозжігітовтің айтуынша, қазір Шәкіров пен Қожанов көшелеріндегі жолдар жөнделуде.

  — Тізімге Әбдірахманов, Сауран, Тайманов және Датов көшелері де енді. Бұдан басқа, Жылыой ауданын дамытудың кешенді бағдарламасына және қалаішілік автомобиль жолдарын жаңғыртудың үшінші кезеңіне сәйкес, Құлсары қаласының 110 көшесінде жалпы ұзындығы 31,8 шақырым болатын жолдар төселуде. Құрылысты биылғы қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда, — деді Бекет Бозжігітов.

Айта кету керек, Құлсарыда қалаішілік автомобиль жолдарын реконструкциялаудың үшінші кезеңінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу былтыр шілдеден бастап жүргізілуде.

 Қазір ірі түйіршікті асфальтбетонымен 31,8 шақырым автожол, ұсақ түйіршікті асфальтбетонмен 18 шақырым жол толығымен асфальтталған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button