Жарнама
Инфрақұрылым

Құлсарыда бүлінген жолдар қалпына келтірілуде

Құлсары қаласында тасқын су кезінде бүлінген жолдар қалпына келтіріліп жатыр. Бұл туралы облыстың төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың айтуынша, қазір қаланың тасқын кезінде бүлінген шағынаудандарында қалпына келтіру жұмыстары жүруде.

–Тасқын судан зардап шеккен шағынаудандардың инфрақұрылымын қалпына келтіру басталды. Мәселен, бүгінде «Автожолшылар-2» шағынаудандарында тас жолдарды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Сондай-ақ жоспарланған жұмыстар қосымша атқарылуда.

Мәселен, көп қабатты тұрғын үйлердің шатырларын, қасбеттерін қайта жаңғырту, тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, балалар ойын алаңдарын жаңғырту және жаңадан салу жұмыстары жүргізілуде, — деді Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button