
Инфрақұрылым
«Құлсары-Доссор»: тасжолдың 41,8 шақырымы орташа жөндеуден өтеді
Тасқын салдарынан «Доссор-Құлсары-Ақтау» автокөлік жолының бүлінген аумақтары анықталды. Қазір орташа жөндеу жұмысына дайындық жүргізілуде.
Бұл туралы «Қазавтожол» “ҰК” АҚ директорының орынбасары Аслан Дюсенов мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

–Мердігер мекемені анықтау үшін конкурс жарияланды. Әйтсе де, жөндеу жұмыстарының жарты бөлігі келесі жылы жалғасады. Өйткені, күн күрт суытқан жағдайда жол-құрылысы оң нәтиже бермеуі мүмкін. Айта кетейік, жөндеу жұмыстары барысында 101-102 шақырымдық жол астына темір-бетонды екі құбыр орнатылады, — деді А.Дюсенов.
Қазір «Мұқыр-Құлсары» автокөлік жолының бүлінген аумағына «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде.