Қазақстанда Жайық өзені арқылы жаңа көпірдің құрылысы басталады
Биыл Жайық өзенінің үстінен көпір және ұзындығы 6,5 км жол салына бастайды, — деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Kaztag.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, 2025 жылы мына автожолдардың құрылысы басталады: Қызылорда – Жезқазған (208 км), Ақтөбе – Ұлғайсын (234 км), Қарағанды – Жезқазған (572 км), Қызылорда – Сексеуіл (470 км), Астана – Қостанай – РФ шекарасы (830 км), Атырау – Орал (ағымдағы жөндеу, 516 км), Бейнеу – Сексеуіл (736 км) және басқа қысқа жолдар.
Сондай-ақ, жаңа автожолдардың жалпы ұзындығы 4,7 мың км болады, оның ішінде 3,7 мың км – I санаттағы жолдар.
2025 жылы басталатын барлық жобаны жүзеге асыру үшін салынатын инвестициялардың жалпы көлемі 9 трлн. теңгеден асады. Сонымен қатар 2025 жылы Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі шипажай аймақтарында жаңа әуежайлар салу жоспарланған. Инвесторларды белсенді түрде тарту жұмыстары жүргізілуде.
Қ.ШӘКІРОВ
Сурет: atr.kz мұрағатынан