Жарнама
Инфрақұрылым

Қала көшелері қайта жаңғырады

Кеше облыс әкімі Серік Шәпкенов Атырау қаласының тұрғындарымен кездесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.  Еркінқала мәдениет үйінде өткен кездесуде облыс басшысы Атырау қаласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

img 4836

– «Ерік Мостовой» арнасының түбіне дренаж, кәріздік коммуникациялар және жазғы су құбыры жүргізіледі. Бүгінде жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жерге веложолақтар және жаяу жүргіншілер жолын салу, көше шамдарын, орындықтар, басқа да жайлы мүмкіндіктер жасау жоспарланған, онымен қалалық әкімдік айналысып жатыр. Қала сыртындағы Құттығай батыр көшесіндегі жолдың жобасы биыл басталды. Аяқталған соң құрылыс жұмыстарына міндетті түрде кірісеміз. Қаладағы жаңадан жер берілген елді мекендерге жол төселді, енді 60 шақырымдай жол қалды. Алдағы уақытта кезегін күтіп жатқан үлкен ірі көшелерге жол салынады, — деді Серік Жамбылұлы.

Облыс әкімі «Атырау-Астрахан» тасжолы бағытындағы шекті жылдамдық мөлшері құрылыс жұмыстары аяқталғанша алынбайтынын да айтты. Тұрғындардың қоғамдық көлікке қатысты сұрағына жауап берген облыс басшысы көлік иелеріне тиісті субсидиясы төленіп отырғанын, соған сәйкес өз уақытымен, сапалы қызмет көрсету талап етілетінін атап көрсетті.

img 4838

Жиында тұрғындар жер беру, қоғамдық көлік, әлеуметтік көмек алу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ауыз сумен, жұмыспен қамту, байланыс желісінің сапасын арттыру, жолдарды қайта қалпына келтіру сынды әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Серік Шәпкенов кездесуде айтылған барлық мәселе жіті бақылауында болатынын, проблемалар заң аясында шешімін табатынын қаперге берді.

Одан кейін облыс әкімі бірнеше азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың мәселесін сала мамандарымен бірге тыңдап, қажетті кеңес берді.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button